476
Қыз зорлады деп айыпталған Марат Күштібаевтың ісі: апелляциялық соттың шешімі шықты
Шенді полиция қызметкеріне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Талдықорғанда қалалық полицияның бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты апелляциялық соттың шешімі жарияланды.
Жетісу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы бұрын қыз зорлау дерегі бойынша сотталған бұрынғы жоғары шенді полиция қызметкеріне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Еске салсақ, биыл сәуірде Талдықорған қалалық соты полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты 11 жылға бас бостандығынан айырған еді.Сондай-ақ, ол марапаттарынан және «полиция полковнигі» арнайы атағынан айырылды.