391
Денис Тенді өлтірген жігіт Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді
Іс биыл 16 шілдеде судьяға жіберілгені, ал сот отырысы 8 тамызда өтетіні көрсетілген.
Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деп сотталған Арман Құдайбергенов Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді. Іс судьяға жіберіліп, 8 тамызда қаралады, деп хабарлады turkystan.kz сайты.
Кассациялық шағым туралы ақпарат Жоғарғы сот сайтындағы сот кеңсесінде пайда болды.
Дегенмен іс материалдары жарияланбаған. Іс биыл 16 шілдеде судьяға жіберілгені, ал сот отырысы 8 тамызда өтетіні көрсетілген.
Айта кетейік, сот кеңсесінде бір ғана сотталушының аты-жөні көрсетілген. Мәнерлеп сырғанаушыны өлтіргені үшін сотталған Нұралы Қиясовқа қатысты оның кассациялық шағым түсірген-түсірмегені туралы мәлімет жоқ.