Сенсация: Балуан Демеу Жадыраев Олимпиаданың ширек финалында қырғызстандық әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты ұтты

Демеу Жадыраев екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жеңді

Сенсация: Балуан Демеу Жадыраев Олимпиаданың ширек финалында қырғызстандық әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты ұтты
ҚР ҰОК
12162

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Демеу Жадыраев Олимпиаданың ширек финалында жеңіске жетті.

77 келіде белдесетін балуан ширек финалда қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовтан айласын асырып, жартылай финалға өтті. Финалға жолдама үшін таласта ол Әзербайжан балуаны Санан Сүлеймановпен белдеседі.

Айта кететін жайт, Махмұдов Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері. Әлем чемпионатында екі мәрте чемпион атанған.

Серіктес жаңалықтары