«Той жасап, атап өтеміз»: Қарақат Әбілдина қуанышты жаңалығын айтты

Өнер иесінің айтуынша, жолдасымен үйленгендеріне биыл 25 жыл толған.

«Той жасап, атап өтеміз»: Қарақат Әбілдина қуанышты жаңалығын айтты
скриншот/YouTube
1168

Танымал эстарада әншісі Қарақат Әбілдина тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды. Өнер иесінің айтуынша, биыл үйленгендеріне 25 жыл толған.

«Қызымның «Тағы да үйлену той боласыңдар ма не?» дегені қалай кетті. Тамыз айының 20-сы үйленген күніміз ғой. Бұйырса биыл – 25 жыл, «Күміс тойға» да жетіп қалыппыз, шүкір! Соған архивтерді қарайын деп, ашқаным сол еді, визажист қызым қасыма келіп біраз қарап тұрды да, түрімді көріп: «Неге әдемілеп боянбағансыз? Кірпік, тырнақ жабыстырып, хайлайтер, румян жағып, шаш үлгіңіз де кішкентай қыздардың тағатын гүлдерін тағып алыпсыз» деді. Қазіргінің баласы қайдан білсін ол кезде қазіргідей макияж, кірпік жапсыру деген жоқ, бәрі табиғи болғанын», – деп жазды өнер иесі.

Әнші айтулы отбасылық мерекені үлкен той етіп, атап өтетінін мәлім етті.

«Неке тойымызда сендер болмадыңдар , енді сендер көрсін деп тағы бір рет үйленейік” десем,түрі мынау. Әкесі екеуміз шағын ортада ағайын, дос-жаранның арасында күміс тойды атап өтсек пе деп қоямыз», – деді әнші.

Серіктес жаңалықтары