Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына өтті

Демеу Жадыраев Олимпиада алтыны үшін таласады

Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына өтті
ҚР ҰОК
934

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Демеу Жадыраев Олимпиаданың финалына өтті.

77 келіде белдесетін балуан жартылай финалда Әзербайжан балуаны, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Санан Сүлеймановты ұтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін өткен белдесуде Демеу Жадыраев сенсация жасап, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы, қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовты жарыс жолынан тайдырған болатын.

Серіктес жаңалықтары