Ешбір кездесуім оңай болған жоқ — Демеу Жадыраев

Париж Олимпиадасында Грек-рим күресінен күш сынасып жатқан қазақстандық балуан Демеу Жадыраев сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Ешбір кездесуім оңай болған жоқ — Демеу Жадыраев
Сурет: ҰОК
510

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалына шыққан Демеу Жадыраев шағын сұхбат беріп, бүгінгі жекпе-жектерін қорытындылады, деп жазды turkystan.kz порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Олимпиада ойындары болғандықтан, ешбір белдесу оңай болған жоқ. Ешкімді бөліп-жармаймын. Төрткүл дүние көз тіккен жарыс, сондықтан жауапкершілік жүгі ауыр. Әлі де босаңсуға болмайды. Ертең финалда жолығатын жапондық балуанмен бұрын кездесіп, жеңілген едім.  Ал жартылай финалдағы әзербайжандық спортшымен оқу-жаттығу жиындарында күресіп жүрміз. Осы белдесуде бас бапкер Юрий Мельниченконың қойған тактикасымен күрестім. Бәрі ойдағыдай шықты. Қолдауларыңызға рахмет. Енді финалды күтеміз», - деді Жадыраев.

Серіктес жаңалықтары