747
Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Париж Олимпиадасын 9-орынмен аяқтады
Нора – Кения тумасы. 2017 жылдан бастан Қазақстан намысын қорғап жүр.
Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Нора Джеруто Олимпиада ойындарын аяқтады.
3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысының финалында бақ сынған Нора 9-орынға табан тіреді. Ол берілген қашықтықты 9:08.97 уақытта жүгіріп өтті.
Бұл сында Олимпиада рекордын орнатқан Винфред Яви (Бахрейн) жеңіске жетті. Перут Чемутай (Уганда) күміс жүлде иеленсе, кениялық Фэйт Чериточ қола жүлдені қанжығасына байлады.
Еске сала кетейік, Нора Джеруто осы қашықтықта 2022 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына жеңіл атлетикадан алғашқы алтын жүлдені салған болатын. Нора – Кения тумасы. 2017 жылдан бастан Қазақстан намысын қорғап жүр.