Үй, ақша, өмір бойына жететін кеспе қоры: Филиппин гимнасты Олимпиададағы екі алтыны үшін қандай сый алады?
Сондай-ақ атлет 45 жасқа толғаннан кейін гастроэнтерологтан тегін кеңес алуға және қажет болған жағдайда колоноскопия жасатуға мүмкіндік алады.
Филиппин гимнасты Карлос Юло Париждегі Олимпиада ойындарындағы жеңісі үшін үкіметтен үй, ақша және өмір бойына жететін рамен қорын алады. Бұл туралы NBC телекомпаниясы хабарлады.
Спортшы 415 мың АҚШ доллары тұратын екі бөлмелі пәтер, Филиппин Спорт комиссиясынан 173 мың АҚШ доллары болатын ақшалай сыйлық және мемлекеттің Өкілдер палатасынан тағы 52 мың АҚШ доллары көлемінде ақша алады.
Сондай-ақ атлет 45 жасқа толғаннан кейін гастроэнтерологтан тегін кеңес алуға және қажет болған жағдайда колоноскопия жасатуға мүмкіндік алады.
Париждегі Олимпиадада Юло еркін жаттығуларда және тірекпен секіруде жеңіске жетті. Ол ел тарихындағы Олимпиада ойындарында алтын медаль алған екінші спортшы болды. Бұған дейін мұндай жетістікке Токио Олимпиадасында 55 кг салмақ дәрежесінде бокс турнирінің жеңімпазы атанған Хидилин Диас қол жеткізген.