«Өгей шешесінің қолында тұрған»: Қарағандыда 17 жастағы студент жеті жылға сотталды

Ол 8 ай бойы Қарағанды көшелерінде есірткі салынған қалташаларды таратумен айналысқан.

«Өгей шешесінің қолында тұрған»: Қарағандыда 17 жастағы студент жеті жылға сотталды
istockphoto.com
455

Қарағанды политехникалық колледжінің 17 жастағы 3 курс студенті есірткі тасымалымен айналысқаны үшін, 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол 8 ай бойы Қарағанды көшелерінде есірткі салынған қалташаларды таратып, жұмыс істеген. Оған әр қалташаны қойып кеткені үшін 2,5 мың теңгеден төленген.

Студентті оқу үлгерімі нашар болған, туған әкесі мен өгей шешесінің қолында тұрған. Күдікті 2023 жылдың қараша айында қолға түскен.

«Жасөспірімнің сөмкесі мен қалтасынан психотроптық зат (мефедрон) бар 11 орама пакет табылды. Жасөспірім психотроптық заттың аналогын өткізу мақсатында басқа адаммен алдын-ала сөз байласу арқылы электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы адамдар тобымен заңсыз сақтады деп айыпталды», - делінген хабарламада.

Мұндай қылмыс үшін азамат Қазақстанда мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Айыпталушы айыпты деп танылды және оның кәмелетке толмаған жасын ескере отырып, ол 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары