634
«Ауылыңа асфальт салса да жарасады»: Сара Тоқтамысова Назым Қызайбайға қолдау білдірді
Белгілі айтыскер ақын Сара Тоқтамысова Париж Олимпиадасында қола медалін иеленген боксшы Назым Қызайбайды жеңісімен құттықтады.
«Назым, сен – мықтысың! Қазақтың қоржынын қоламен толықтырдың! Үйіңнің алдына ғана емес, ауылыңа қарай асфальт салып берсе де жарасады. Шынын айтсам қыздардың боксын көре алмайды екенмін. Өте ауыр спорт түрі екен», – деп жазды айтыскер ақын.
Айта кетейік, кеше Назым Қызайбай жартылай финалда Қытай спортшысы Ву Юмен кездесті. Нәтижесінде отандасымыз бұл жекпе-жекте 4:1 есебімен жеңіліс тауып, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.