Қазақстандық оқушылар Гонконгте жоғары марапатқа ие болды

Қазақстандық инженерлердің жобасы халықаралық қазылар алқасының оң бағасына ие болып, беделді Team Model Award сыйлығын алып келді.

Қазақстандық оқушылар Гонконгте жоғары марапатқа ие болды
Оқу-ағарту министрлігі
582

Гонконгтегі FIRST Asia Championship халықаралық чемпионаты аяқталды. Оған 45 ел мен 210 команда қатысты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Елімізді LEAS мектебінің Aldebara Алматы командасының өкілдері Аркен Амангелді, Искандер Гильмундинов, Арлан Жақсыбергенов, Марк Ульянов, Мартин Васильев, Сабина Абылай таныстырды. Жаттықтырушылары – Рамина Сабирова және Балғын Исақожа.

Оқушылар ғылыми жобасын өнердегі жаңашылдық тақырыбы бойынша ұсынды. Жоба музейлер, көрмелер мен инсталляцияларда ыңғайлы және қарапайым қозғалыс үшін жасалған шынайы көрініс беретін қосымша мүмкіндігі бар навигатор ретінде таныстырылды. Қазақстандық инженерлердің жобасы халықаралық қазылар алқасының оң бағасына ие болып, беделді Team Model Award сыйлығын алып келді.

Еске салсақ, команда халықаралық чемпионатқа Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры мен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған Central Asia FIRST Championship Орталық Азия чемпионатында жолдама алды.

Серіктес жаңалықтары