Бибігүл Төлегенова Мақпал Жүнісоваға бағалы білезігін сыйлады (ВИДЕО)

Өнер иесі отырыста Мақпал Жүнісоваға қолындағы білезігін шешіп берген.

Бибігүл Төлегенова Мақпал Жүнісоваға бағалы білезігін сыйлады (ВИДЕО)
скриншот
641

КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова өнердегі әріптесі Мақпал Жүнісоваға қымбат алтын білезігін тақты.

Өнер иесі отырыста Мақпал Жүнісоваға қолындағы білезігін шешіп берген.

«Менің жасымды берсін! Сен тағып жүр. Саған келеді», – деп айтты Бибігүл Төлегенова.

«Міне, көрдіңіздер ғой, қолындағы алтын бриллиант білезігін маған тақты. Ел аналары деп осындай кісілерді айту керек. Көп рақмет, сізге! Басымды иемін», – деп алғысын білдірді халық әртісі.

Желі қолданушылары қос өнер иесінің бір-біріне деген сыйластығына риза болып, жылы лебізін білдіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары