Дана Нұржігіт он айға созылған сот процесі туралы айтты

Ол сот процесінен мол тәжірибе жиған.

Дана Нұржігіт он айға созылған сот процесі туралы айтты
Фото: instagram.com/dana_nurzhigit/
2024

Танымал журналист Дана Нұржігіт өмірдің қиын кезеңдерін қалай өткеріп шыққанын айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Қышқыл лимоннан тәтті лимонад шығара білуді өмір өзі үйретеді. Он ай бойы өзімді қорғап, тергеу, сот процестерінен өткен кезде азаматтық іс, қылмыстық іске байланысты құжаттарды зерттеп, сот отырыстарына, тергеушіге түсініктеме берерде алдын ала дайындалып баруым керек болды. Басымнан өткен 7 сот отырысының өзі маған көп нәрсе үйретті. Істі жүргізу формасы, регламенті, құрылымы, түрлі форматы… Қазір осының бәрі менің "Dana soz" шеберханасындағы дәрістеріме керекті таптырмайтын материал болды. Лимон лимонадқа айналды деген осы!" - деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында. 

 

Серіктес жаңалықтары