Cпорт ойындарын тамашалау арықтауға көмектеседі – зерттеу

Жанкүйер спортшымен бірдей калория жоя алады.

Cпорт ойындарын тамашалау арықтауға көмектеседі – зерттеу
сурет: istockphoto.com
813

Олимпиада немесе басқа да спорт ойындарын тамашалау арықтауға көмектеседі, осындай тұжырым жасалған зерттеу қорытындысын themirror.com жариялады. 

Жаңа зерттеу көрсеткендей, спорт ойындарын тамашалау өз алдына жеке жаттығу болуы мүмкін, өйткені жанкүйер спортшымен бірдей калория жоя алады. 

Ғалымдардың зерттеуінше. 90 минуттық футбол матчын көру 540 калория жоя алады. Бұл жүгіргенде жоятын калорияға тең болуы мүмкін.

Жанкүйер болу эмоциялық әткеншекке айналып, жүрек соғысы жиілетіп, терлетіп және бұлшық етті ширықтыруы мүмкін. Сондықтан жаңа зерттеуге сәйкес, спорт жанкүйерлерінің 59%-ы жай ғана ойындарды тамашалау арқылы физикалық жаттығу жасағандай сезінеді.

Үйде отырып спорт көру кезінде әрбір төртінші адам (42%) жүрек соғысының жиілегенін сезінеді екен. Тіпті жүгірушінің эйфориясы сияқты әсер де бар, өйткені спортты басқалармен бірге көргенде, 88% адамдардың энергиясы артады.

Мысалы, теннис жанкүйері 432 калория жоя алады, бұл 60 минуттық жүзумен тең, ал жеңіл атлетика жанкүйері 162 калория жоя алады, бұл 30 минуттық жаяу жүрумен тең.

Серіктес жаңалықтары