Елдос Сметов әлемнің үздік 5 балуанының қатарына кірді

Қазақстандық дзюдошының еншісінде 4970 ұпай бар.

Елдос Сметов әлемнің үздік 5 балуанының қатарына кірді
Елдос Сметов. Фото: ҰОК/Сали Сабиров
487

Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада алтынын еншілегеннен кейін рейтингтің жоғары сатысына көтерілді. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясының ресми сайтында жарияланды.

Ерлер арасында 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін дзюдошылардың әлемдік рейтингінде Елдос Сметов бірден 17 сатыға көтеріліп, 5-орынға тұрақтаған. Қазақстандық дзюдошының еншісінде 4970 ұпай бар.

Ал осы салмақ дәрежесіндегі рейтингте Қытайлық Тайбэй елінің дзюдошысы Янг Юнг Вей (6132 ұпай) көш бастап тұрса, екінші орынға франциялық Лука Мхеидзе (6104 ұпай) жайғасқан. Үздік үштікті грузиялық дзюдошы Гиорги Сардалашвили (6057 ұпай) түйіндеп тұр. Аталмыш салмақта бақ сынап жүрген басқа қазақстандық дзюдошылардың да рейтингтегі орындары жаңарған. Нұрқанат Серікбаев (3392 ұпай) 2 сатыға жоғарылап, 13-орынға тұрақтаған. Мағжан Шамшадин (2219 ұпай) 3 сатыға төмендеп, 27-орынға жайғасқан.

Еске сала кетейік, Олимпиаданың алғашқы күні дзюдошы Елдос Сметов 60 кг дейінг салмақ дәрежесінде топ жарып, алтын медаль еншілеген болатын. Финалда ол франциялық спортшы Лука Мхеидземен шеберлік байқасқан болатын.

Серіктес жаңалықтары