831
Алматылық оқушы NASA-да тағылымдамадан өтті
15 жастағы алматылықтың тағылымдамасы Хьюстонда американдық United Space School бағдарламасы бойынша өткен.
Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Сымбат Барсағазы NASA-да халықаралық тағылымдаманы аяқтады.
Ол әлемдегі ең үздік 40 оқушының арасынан таңдалған. 15 жастағы алматылықтың тағылымдамасы Хьюстонда американдық United Space School бағдарламасы бойынша өткен.
Екі апталық тағылымдамада Сымбат:
- Марсқа басқарылатын миссияны жобалау үшін командада жұмыс істеді;
- жоба құрды;
- ғарыш орталықтарына барды;
- өз идеяларын ғарышкерлермен және инженерлермен талқылады.
Мектеп оқушысының айтуынша, ол үшін ең маңызды сәттердің бірі «Аполлон» кезінде қолданылған миссияларды басқару ғимаратына бару болды.