Ақтөбе облысында 8 адамның өмірін қиған апаттың себебі анықталды

Көз жұмған балалардың 6, 7-сынып оқушылары екені белгілі болды.

Ақтөбе облысында 8 адамның өмірін қиған апаттың  себебі анықталды
скриншот
1857

Полицейлер Ақтөбедегі бес оқушы мен үш ер адам қаза тапқан жантүршігерлік апаттың себебін айтты.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша «екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу» ісі қозғалды.

«Белгілі болғаны, MAN автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шыққан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД агенттікке берген түсініктемесінде.

Сонымен қатар, полиция балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Самара-Шымкент тасжолының жол апаты салдарынан 8 адам көз жұмған туралы хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары