Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Үшемді босанған 27 жастағы Роза Әріпбаева тұңғыш ұлынан кейін өмірге 2 ұл мен 1 қыз әкелді.

Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Түркістан облысы ДСБ
514

Түркістан қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Осылайша Әріпбаевтар отбасының саны үш перзентпен толықты, деп хабарлады turkystan.kz сайты otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Үшемді босанған 27 жастағы Роза Әріпбаева тұңғыш ұлынан кейін өмірге 2 ұл мен 1 қыз әкелді. Бүгін ол сәбилерін құшағына алып, үйге шығарылды.

Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 33-аптасында дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 2 кг 245 грамм болса, екіншісі −1 кг 785, үшіншісінікі - 1 кг 805 грамм. Үшемдерге Омар, Усман, Разия деп ат қойылды. Дәрігерлердің айтуынша, алғашында нәрестелерге медициналық көмек қажет болған.

Әуелі үшемдердің жағдайы ауыр болды. Аппаратта жатты. Алғашқы күндері нәрестелер жақсы күтімге мұқтаж нәрестелер бөлімшесінде бақылауда болды. Қазір медицина қызметкерлерінің көмегіне байланысты үшемдердің жағдайы жақсы.Олар салмақ қосып, ана сүтін қанағаттарлықтай еміп жатыр, – деді дәрігер-неонатолог Таугүл Байдуллақызы.

Биыл Түркістан облысында  25 045 нәресте дүниеге келген. Ал жыл басынан бері дүние есігін ашқан үшемдер саны жетеуге жетті. Осы уақыт аралығында 311 егіз сәби туған.

Үшемдер басқа өңірдерде де дүниеге келіп жатыр. Мысалы, Алматы қаласында тұратын жас отбасы екі ұл мен бір қыздың ата-анасы атанды. Үшемді жас ана кесарь тілігімен дүниеге әкелді.

Ота сәтті өтіп, дүниеге салмағы 2360 және 2420 грамм екі ұл мен салмағы 2050 грамм қыз бала келді.

Серіктес жаңалықтары