"35 жастағы Демеу Жадыраев әсер етті": Елдос Сметов келесі Олимпиадаға қатысуы мүмкін екенін айтты

Бұған дейін үш Олимпиадада жүлдегер атанған Елдос Сметов төртінші Олимпиадасына баруы ықтимал.

"35 жастағы Демеу Жадыраев әсер етті": Елдос Сметов келесі Олимпиадаға қатысуы мүмкін екенін айтты
©Olympic.kz
966

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов 2028 жылы Лос-Анжелесте өтетін Олимпиада ойындарына баруы мүмкін екенін айтты. Ол бұл туралы Таразда журналистермен өткен брифинг барысында мәлімдеді.

«Кеше ағайымыз екеуіміз ақылдастық. Сөйлестік. Кеше Париж Олимпиадасынан кейін Демеу Жадыраевтың 35 жаста финалға шыққаны әсер етті. Есептеп қарайтын болсақ, 2028 жылы 35 жаста болады екенмін. Қазір 31-демін. 32-ге енді толамын. Келесі Олимпиадада Демеу секілді 35 жаста болады екенмін. Мүмкіндігім болып тұрса, неге күреспеске деген шешімге келіп жатырмыз. Кішкене демалып, іс-шараларды бітіріп, отбасыма, бала-шағама көңіл бөліп, ақырындап кимономызды киіп, белімізді буып, ел абыройы үшін күресіп, ел абыройы үшін қызмет етуге бел буып отырмыз. Дзюдо күресінде менің қасымда жүрген, 66 келіде 3-орын алған бала 32 жасында жүлде иеленді. Кеше Демеу Жадыраев бауырымыз 35 жаста 2-орын алып жатыр. Сосын кубалық Лопес 40 жаста бесінші Олимпиада ойындарын ұтып жатыр. Бұл адамның психологиялық дайындығына байланысты.  Жасым келіп қалды, әрі қарай шамам келмейді деп өз-өзін сындырса ол жетістікке жетпейді», – дейді чемпион.

Серіктес жаңалықтары