Артық салмақтан зардап шегетін балалар саны 160 млн-ға жеткен

"Біздің нәтижелеріміз әлемнің кез келген елінде дабыл қағуы керек", – дейді ғалымдар.

Артық салмақтан зардап шегетін балалар саны 160 млн-ға жеткен
сурет: istockphoto.com
763

Артық салмақтан зардап шегетін балалар саны 160 млн-ға жеткен, деп жазды euronews.com.

Кейінгі онжылдықта әлем бойынша қант қосылған сусындарды тұтыну, сондай-ақ балалардағы артық салмақ деңгейі өскен. Тұтынудың ең жоғары деңгейі Латын Америкасында, Таяу Шығыста және Солтүстік Африкада байқалады.

185 елді қамтыған жаңа зерттеуге сәйкес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі балалар газдалған және басқа да қантты сусындарды бұрынғыдан да көп ішеді, сәйкесінше артық салмақ деңгейі де өскен. BMJ-де жарияланған және АҚШ, Греция, Канада және Мексика ғалымдары жүргізген зерттеуге сәйкес, 2018 жылы балалар аптасына орта есеппен 3,6 порция қантты сусын ішкен, бұл 1990 жылмен салыстырғанда 22,9%-ға көп және ересектерге қарағанда әлдеқайда күрт өскен.

"Біздің нәтижелеріміз әлемнің кез келген елінде дабыл қағуы керек",  деді Дариуш Мозаффариан, зерттеудің негізгі авторы және АҚШ-тағы Тафтс университеті институтының директоры.

Серіктес жаңалықтары