Түркияда қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады

Оқиға Милас қаласындағы Мугла ауданында болған.

Түркияда қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады
Фото: muglagazetesi.com.tr
492

Түркияда туристер мінген автобус жол апатына түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Автобус ішінде қазақстандықтардан бөлек ресейлік туристер де болған.

Апат салдарынан жарақат алған 13 турист ауруханаға жеткізілген. 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі шағын автобуста төрт қазақстандық болғанын хабарлады. 

«ҚР консулының ақпараты бойынша, отандастарымыздың жақдайы жақсы. Медициналық көмек қажет емес. Барлығы қазір қонақүйде», – делінген хабарламада.

Жол апаты туралы ақпарат таңғы 07.00 шамасында түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция мен өртсөндірушілер бригадасы келген. 

Қазіргі таңда полиция бұл дерекке қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары