Қазақ бапкері жаттықтыратын Тунис құрамасы Париж Олимпиадасында жүлде иеленді

Есбол Сұлтанов таэквондодан Тунис құрамасының бас бапкері қызметін атқарады.

Қазақ бапкері жаттықтыратын Тунис құрамасы Париж Олимпиадасында жүлде иеленді
Фото: Alex Pantling/Getty Images
777

Қазақ  бапкері баптайтын Тунис таэквондошысы Мохамед Халил Жендуби Париждегі Олимпиадада қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz Sport Plus Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

2023 жылдың қазан айынан бастап алматылық жаттықтырушы Есбол Сұлтанов Тунис ұлттық таэквондо құрамасының бас бапкері қызметін атқарады.

Оның басшылығымен Тунис елінің спортшылары Париждегі Олимпиада ойындарына төрт лицензия жеңіп алалды Нәтижесінде Олимпиаданың алғашқы күнінде-ақ оның шәкірті қола медаль жеңіп алды.

Серіктес жаңалықтары