«Агросауат» мүмкіндіктер алаңына айналды

Биылғы сәуірде партия бастамасы­мен Жамбыл облысы Меркі ауданында «Аг­росауат» агробіліктілік орталығы ашыл­ды.

«Агросауат» мүмкіндіктер алаңына айналды
сурет: amanatpartiasy.kz
Автор
Админ
390

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев Жамбыл облысына барып, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыспен танысты. 

Биылғы сәуірде партия бастамасы­мен Жамбыл облысы Меркі ауданында «Аг­росауат» агробіліктілік орталығы ашыл­ды. Онда егін, құс және мал шаруашылығын жүр­гізуге қатысты теориялық және тәжі­ри­белік курстарды ақысыз негізде оқыту жұ­мысы ұйымдастырылды. Тамара Дүй­се­нова бұл бастаманы жоғары бағалап, оны ары қарай кеңінен тарату мүмкіндігін қа­рас­тыру қажет екенін айтты. 
– Банктерге қарызданған, есепшоты бұ­ғатталған адамдарды «Қарызсыз қоғам» жо­басы аясында оқытып, олардың өз кә­сі­бін ашуына және берешегінен құтылуына мүмкіндік жасалуда. Бұл жобаны жал­ғас­ты­рамыз. Бұл үшін оқу корпустары ашы­ла­ды. Сол корпуста ірі кәсіпкерлер тәжірибе жү­зінде де оқытуды мойнына алып, өзге өңір­лерге таратуын қарастырамыз. Тығы­рық­қа тірелгендерге «AMANAT» партиясы де­меушілермен бірге тауарлық несие беріп, өні­мін сатуға көмектеседі, – деді Тамара Дүй­сенова.
Бұл ретте вице-премьер тауарлық несие беру механизмін жетілдіру қажет екенін ай­тып, тауарлық несие беруші мен алушы арасында сақтандыру енгізуді ұсынды. 
«Қарызсыз қоғам» жобасының авторы, «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев барлық ауылға скрининг жа­салғанын, Мерке ауданында 9 бағытта кәсіп бастауға болатынын жеткізді. Жаңа­дан ашылған «Агросауат» орталығында не­сие төлеу мерзімін 90 күннен астам ке­шік­тіргенде басымдық беріледі. 
– Себебі олар «Ауыл аманаты» секілді мем­лекеттік бағдарламаға қатыса алмайды, не­сие берілмейді, «қара тізімге» енген. Олар­дың саны елімізде 1,5 миллионнан асты, бұл үлкен әлеуметтік мәселе деп есеп­тей­міз. Соған байланысты «Ауыл аманаты» мен «Қарызсыз қоғам» бағдарламаларын ұш­­­­тастыруды ұйғардық. Мысалы, бір қатысушының мойнында 8 несие бар, оған қар­жылай несие берілмегесін, 5 күн оқы­тып, тамшылап суару жүйесі, пленка және 10 мың көшет түрінде тауарлы несие бер­дік. Осылай қолдау көрсетпесек, өздігінен қа­рызынан құтыла алмайды, – деп түсін­дір­ді Э.Жұмағазиев. 
Жобаға қатысушылар өндірген өнім­дерді сату және өңдеу мәселесі де жолға қойыл­ған. Борышкер тапқан табыстың 50 пайы­зы кешіккен несиені жабуға жұм­са­ла­ды, 25 пайызы несиені жабуға жә­не қалған 25 пайызы өзіне қалады. 
– Біздің ойымызша, қарызын өтей ал­май жүргендерге «Ауыл аманаты» бағ­дар­ламасы аясында тауар несиесі берілуі ке­рек. Сосын өнімдерді өңдейтін кәсіп­орын­дар керек. Қазір өнім күйінде сатылып жа­тыр, қосымша құнын өтейтіндей тауар өн­діріп жатқан жоқпыз. Соған байланысты осы жоба аясында көршілес Т.Рысқұлов ауданында құлпынай, таңқурай өңдейтін цех аштық. Ең басты мәселе – технология­лық талаптарды сақтай отырып, тауар өн­діру және табыс табу, – деді партия Хат­шысы. 
Бүгінде «Агросауат» оқу орталығында 130 адам дәріс алып, олар мал шаруашы­лы­ғы, құс шаруашылығы, құлпынай егу, таң­қу­рай егу секілді түрлі бағыттарды таңдады. 
– Мұнда еш іріктеу жүргізілмейді, ор­талық туралы естіген, оқуға ниетті адамдар ке­леді және арнайы топ құрылады. Тың­дау­шылар бірден кәсіп бастап кетпейді, өз ба­ғыттарын, неге икемі барын нақтылайды. Бү­гінде құлпынай бағыты бойынша коопе­ра­тив құрылды, джем, тосап жасайтын кі­ші­гірім цех ашылды. Тізбек толық жабылды деу­ге болады. Енді тігін цехы, жартылай фаб­рикат секілді басқа да бағыттарды қол­ға аламыз, жобаның ауқымын кеңейтеміз. Сарап­шы сүйемелдеген жұмыстардың нәтижелі болатынын көріп отырмыз, – деді «Агросауат» оқу орталығының жетекшісі Ай­ман Ақынбекова.
«Қарызсыз қоғам» жобасының қаты­су­шы­сы, «Агросауат» орталығының түлегі Та­лантбек Сокушбаев мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отыр. Бала күтіміне байланысты несие алуға тура келген және шалғайға жұмыс істеуге шыға алмаған. 
– Бұған дейін өзге қалаларда вахтада жұ­мыс істедім, сауда-саттықпен айналыс­тым, зауыттарда еңбек еттім. Бала өскен сайын үйден шығу қиындады, сонда көр­шім­нің жерін жалға алып таңқурай өсіруді бас­тадым. Әрине, алғашында оңай болма­ды, алатын өнім ауа райына тікелей байла­ныс­ты. Биыл көктемде жоба туралы естіп, құл­пынай бағытына жазылдым. Орталық керекті жабдықтардың бәрін әкеп береді. Осылайша, мол өнім алып, біртіндеп қарыз төлеп жатырмын. Ауылда жұмыс көп, тек іс­тейтін адам жоқ. Кейде еңбек қолы 
же­тіспейді, – деді жоба қатысушысы 
Т.Сокушбаев. 
Сонымен қатар Тамара Дүйсенова Мойынқұм, Шу және Меркі аудандарына барып, мал шаруашылығын өрістетуге, әсіресе түйе шаруашылығын жүргізуге қолайлы орта бар екенін атап өтті. Алайда мұндағы шаруалар әзірге ет пен шұбат өндірумен шектеліп отыр. 
– Үш аудандағы 200-ден астам түйе өсі­­­ретін азаматты басқа облыстан кел­ген компаниялармен кездестірдік. Онда түйе бағу, сүт алу, сүтті қайда өңдеу мәсе­ле­лерін қарастырдық. Егер де осы облыс азаматтары қаласа, алматылық кәсіпорын шұ­баттан ұнтақ жасайтын цех ашуға дайын. Сол компания ары қарай Қытайға өнім экспорттау мәселесін қарастырады. Бұл – ауылдағы жұмысын жаңа бастаған қо­салқы шаруашылықтарға үлкен мүмкін­дік, – деді Т.Дүйсенова. 
Сонымен бірге, «Қарызсыз қоғам» және «Ауыл аманаты» жобалары арқылы жеке шаруашылығын дамытып, қарызынан құ­тылған табысты кейстер көрсетілді және бар­лық қатысушылармен кездесу өтті.
Анықтама үшін: «Агросауат» – қазақ­стан­­дықтардың қаржылық сауатын арт­тыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жо­басының қисынды жалғасы болмақ. Жаңа орталықта жидек өсіру, қант қызыл­ша­сын егу, жем-шөп, сүтті ірі қара, етті ірі қа­ра, құс шаруашылығы секілді шаруашы­лық­тар ашып, 150 адамды қарыз деңгейінен шы­ғару мақсаты қойылған. Қара тізімнен шыққан тұрғындар ары қарай мемлекеттің бизнесті қолдау бағдарламаларына, «Ауыл аманаты» бағдармасының 2,5 пайыздық несиесіне жүгіне алады. 
«Қарызсыз қоғам» жобасы былтыр 2 ма­мырда басталған болатын. Биыл Пре­зи­дент тапсырмасымен еліміздің барлық 20 өңі­рінде, оның ішінде Астана, Алматы, Шым­кент қалаларында халықты қаржы­лық сауатқа жаппай оқыту жұмысы ұйым­дас­тырылды. 
«Қарызсыз қоғам» жобасына демеушілік көрсететін банктер саны артып келеді. Оқу кур­сының қатысушыларына ыңғайлы болу үшін www.qogamfin.kz. онлайн-плат­фор­масы әзірленді. Сайт арқылы оқуға жазы­лып, пайдалы материалдар мен бейне сабақ­тарды жүктеп алуға болады.

Серіктес жаңалықтары