Өңір тұрғындары өндіріс ашып жатыр

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Жамбыл облысына барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасының қалай жүзеге асып жатқанын көріп қайтты.

Өңір тұрғындары өндіріс ашып жатыр
сурет: amanatpartiasy.kz
Автор
Админ
384

Былтыр Жамбыл облысы Байзақ ау­данының 342 тұрғынына «Ауыл ама­наты» жобасы аясында 2,1 млрд теңгеге 2,5 пайызбен жеңілдігі бар несие беріл­ген. Бір жыл ішінде ауылдарда жаңа өн­діріс орындары ашылды. Тамара Дүй­­сенова ауыл тұрғындарымен 
кез­­десіп, табысты жобалармен та­нысты.

Жалғызтөбе ауылының тұрғыны Ға­нибек Жұмасаев бағдарлама бойын­ша алынған 6 млн теңге мөлшерінде жеңіл­дігі бар несие қаражатына кәсіби жабдықтар сатып алып, темір шатыр жа­бындарын, металл плиткалар, пі­шін­де төсеніштер әзірлеуді қолға ал­ған. Кәсіпкер өз өнімі үлкен сұранысқа ие болатынына сенімді: көршілес екі ауылда жеке тұрғын үй салуға 700-ден астам учаске бөлінген. Онда құрылыс жұ­мысы басталды және ауыл тұр­ғын­дары жергілікті өндірушіден шатыр жабынына тапсырыс бере алады.
Вице-премьерге автокөлік жуу, мон­ша кешені, сұлулық салондары жә­не басқа да нысандардың сәтті жү­зеге асып жатқаны баяндалды. Тамара Дүй­сенова іске асырылып жатқан жо­баларға оң бағасын беріп, жергілікті тұр­ғындарды ауыл халқының өмір сү­ру деңгейін арттыруға бағытталған мем­лекеттік бағдарламалар туралы ха­бар­дар етті. Бүгінде өз бизнесін аш­қы­сы келетін жастардың жеңілдігі бар не­сие алуға мүмкіндігі мол, ал әлеумет­тік жағынан осал санаттағы азамат­тар­ға өтеу­сіз грант қарастырылғаны ай­тылды.
Облыс әкімдігінде өткен отырыста «Ауыл аманаты» бағдарламасын на­си­хаттау және халықтың бизнес-идея­ла­рын қолдау бойынша жүргізіліп жат­қан жұмыс туралы Жамбыл, Талас және Жуалы аудандарының әкімдері баян­дады. Ақтөбе облысы Саржансай ауыл­дық округінің әкімі осы бағыттағы т­әжірибесін бөлісті. 
«Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру – мемлекет дамуының кепілі. «Ауыл аманаты» жобасы әр өңірдің ерек­шелігін ескере отырып, әр облыста іске асырылуда. Табысты жетістіктерін бөлісу және бағдарламаны жүзеге асыру­дың тиімді жағдайын кеңінен та­рату маңызды. Ауыл әкімдері халық­қа түсіндіру жұмыстарын белсенді жүр­гізуге тиіс, – деді Тамара Дүйсенова.

Серіктес жаңалықтары