Әділдік іздеген азамат «Жер аманаты» комиссиясына жүгінді

Есесіне, ау­дан әкімдігі осы 5,95 гектар жерді кон­курс­қа шығарып, учаске ықпалды аза­мат­тардың иелігіне өтіпті.

Әділдік іздеген азамат «Жер аманаты» комиссиясына жүгінді
сурет: amanatpartiasy.kz
Автор
Админ
369

«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық «Жер аманаты» комиссиясына Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы 5,95 гектар жерінен айырылып қалған азамат жүгінді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, аталған комиссия төрағасының орынбасары Бақытжан Базарбек мәлімдеді.
2001 жылы 12 желтоқсанда Жуалы ау­даны әкімінің #1821 шешімі негізінде «Ай­туған» шаруа қожалығының иелігіне #06-089-029-003 кадастрлық нөмірі бар жер­ге мемлекеттік акт берілді. Алайда Жер кадастры және мем­ле­кеттік жер кадастрының автоматтан­ды­рыл­ған ақпараттық жүйесі басқармасы мен Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры базасында, МК КЕАҚ филиалында аталған учаскеге қатысты барлық мәлімет түсініксіз жағ­дай­да жойылып кетіп отыр.

Есесіне, ау­дан әкімдігі осы 5,95 гектар жерді кон­курс­қа шығарып, учаске ықпалды аза­мат­тардың иелігіне өтіпті. 

– Сонда КеАҚ жер кадастры бөлімінің фи­лиалы әкімдікке конкурсқа шыға­ры­ла­тын учаскенің бос жатқаны және үшінші тұлғалардың заттық құқық­та­ры­на ауыртпалық түсірмейтіні туралы мә­лі­мет берсе, онда Жер-кадастрлық ісін­де­гі, кадастрлық картадағы, Жердің бі­рың­ғай мемлекеттік тізіліміндегі барлық гра­фикалық және құқықтық мәліметтер қай­да кетті? КеАҚ қызметкерлері Жер ка­дастры және мемлекеттік жер ка­дастры­ның автоматтандырылған ақпа­рат­тық жүйесі басқармасы базасынан жер­дің заңды иесіне тиесілі графикалық де­ректер мен мәліметтерді әдейі жойып жі­берді ме? Учаске иесінің жер-кадастр­лық істері қайда? Заңды негіз болмауына қарамастан, барлық координатты өшіріп, жасырып, кадастрлық істі мұрағатқа жол­дап, ақпараттық базаны тазартып, әкім­дікке жаңа анықтама берді ме? – деді Бақытжан Базарбек.

Депутаттың айтуынша, Жер кодек­сі­нің 43-1-бабының 2-тармағына сәйкес, кон­курсқа шығарылатын учаскелердің ті­зі­мін ауданның уәкілетті органы ай­қын­дайды. Яғни, «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қаты­нас­тары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылары мен қызметкер­лері аталған учаскені 2001 жылдан бері жоғарыда аталған шаруа қожалығы пай­даланып келе жатқанын білмей қалуы мүмкін емес. Себебі бұған дейін атал­ған учаскенің жер жобасын осы дәл осы бөлім бекіткен болатын. 

– Ендеше, неге бұл бөлім осы учаскені кон­курсқа шығарылатын тізімге енгізді? Жер ресурстарын басқару департаменті тиісті тексеру жүргізгеннен кейін нақты құ­қықтық баға беріледі. Ең бастысы, осы тармаққа сәйкес, келісім беруші органдар мен ұйымдар орналасу схемасымен бірге конкурсқа шығарылатын жер учас­ке­лерінің тізбесі келіп түскен күннен бас­тап 10 жұмыс күні ішінде өз ұстаны­мы­ның дәлелді негіздемесімен қорытынды ұсынады. Тиісінше, КеАҚ, жер қатынас­тары бөлімі, аудандық ауыл шаруашылы­ғы бөлімі сынды келісім беруші органдар қандай қорытынды шығарғаны қызы­ғу­шылық тудырады. Шығарылған қоры­тынды мен осы іске қатысты барлық ма­териалды ұсынуды талап етеміз», – деді депутат.

Бақытжан Базарбектің айтуынша, жер­дің заңды иесіне тиесілі учаскені кон­курсқа шығару фактісі расталатын бол­са, онда бұл әрекет әдеттегі заң бұзу­шылық емес, сыбайлас жемқорлық қыл­мысы ретінде назарға алынады. Сонымен қатар осы оқиға алдағы уақытта Пар­ла­мент Мәжілісінің отырыстарында да көтеріледі. 
Жуырда республикалық «Жер ама­наты» комиссиясының Жамбыл облы­сын­дағы жұмысы аясында осы факті бойынша тексеріс жүргізіледі.
 

Серіктес жаңалықтары