Бюджетке 400 млн теңге залал келтірген қазақстандыққа іздеу жарияланды

Бойко Михаил Адамович балық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығын төлемей келген.

Бюджетке 400 млн теңге залал келтірген қазақстандыққа іздеу жарияланды
Қаржылық мониторинг агенттігі
396

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті Қазақстан азаматы Бойко Михаил Адамовичты (1963 жылғы 25 маусым туған) іздестіріп жатыр.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы 3-бөлігі (салық төлеуден жалтару) және 218-бабы 3-бөлігі (қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру) бойынша қылмыс жасады деп күдіктелді.

Бойко М.А. балық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығын төлемей, мемлекетке 400 миллионнан астам теңге залал келтірген.

 

Серіктес жаңалықтары