Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

2018 жылғы 16 наурызда Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын бостандыққа шығады
damu.kz
344

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қабылданды.

«Қонаев қалалық сотының 2024 жылы 26 шілдедегі қаулысымен Мұратхан Тоқмәдидің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылды», – деп хабарлайды Алматы облыстық соты.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындап, бұған Мұхтар Әблязов тапсырыс бергенін мәлімдеген болатын. Мұратхан Тоқмәди Тәтішевті өлтіргені үшін 4 миллион доллар ұсынғанын да айтты. 2018 жылғы 16 наурызда Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары