Алматыда өрт-құтқару спортынан әлем чемпионаты өтеді

Алматыда өрт-құтқару спортынан әлем чемпионаты өтеді
www.gov.kz
Автор
Админ
698

Алматыда 15-18 тамыз аралығында жасөспірімдер мен жастар, жасөспірім қыздар мен бойжеткен қыздар арасында өрт-құтқару спортынан әлем чемпионаты өтеді.

Алматы – Қазақстанда осы санаттағы жарыстар өтетін алғашқы қала. Бұған дейін 2014 жылы Алматыда ересектер арасында әлем чемпионаты өткен болатын. Сол кезде өрт-құтқару спорты тарихында алғаш рет әйелдер арасында әлем чемпионаты өткізілді.

Әлемдегі үздік жас өрт сөндіруші-құтқарушы атағын алты елдің, атап айтсақ Беларусь, Болгария, Қазақстан, Ресей, Словакия, Чехия командалары сарапқа салады. Сонымен қатар, Камерун мен Сауд Арабиясының өкілдері бақылаушы ретінде шақырылған.

Төрт күнге жалғасатын жарыста спортшылар өртті сөндіру тәжірибесінде қолданылатын түрлі сынақтарды бағындырады.

 Салтанаты ашылу рәсімі 15 тамызда сағат 20.00-де Орталық стадионда өтеді. Ашылу салтанатында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді. Сонымен қатар ТЖ жағдайында өрт сөндірушілердің күшін көрсететін құтқарушы спортшылар қойылымдар көрсетіледі. Сондай-ақ қатысушы командалардың шеруі өтеді.

Ал жабылу салтанаты және жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 18 тамызда сағат 20:00-де өтеді. Орталық стадионда "Has Sak" этно-фольклорлық тобының әртістері өнер көрсетеді. Іс-шара салтанатты отшашумен аяқталады.

Серіктес жаңалықтары