Ақтөбеде жол апатынан екі адам көз жұмды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, барлық қажетті сараптама жүргізіліп жатыр

Ақтөбеде жол апатынан екі адам көз жұмды
istockphoto.com
388

Самара - Шымкент тасжолының Дөң ауылы маңында жүк және жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан 2 адам көз жұмып, үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Оқиға бүгін сағат шамамен 6:00–де Хромтау ауданы Дөң кентінің маңында болды. Lada Largus автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан. Оқиға орнында Lada Largus көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы қайтыс болды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, барлық қажетті сараптама жүргізіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары