Синоптиктер Алматы және Атырау тұрғындарына ескерту жасады

Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі артады деп күтілуде

Синоптиктер Алматы және Атырау тұрғындарына ескерту жасады
Inform.kz
498

Қазгидромет синоптиктері Алматы тұрғындарына тағы да ескерту жасады.

Болжамға сәйкес, 10 тамызда Алматы мен Атырауда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

"Алматыда 10 тамыздан 11 тамызға қараған түні метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - деп хабарлады Қазгидромет.

Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі артады деп күтілуде.

Ал Атырауда түнде метеорологиялық жағдайлар да қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмендейді деп күтіледі.

Серіктес жаңалықтары