Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Қазақстанның оңтүстігінде +30+37С ыстық болады деп күтілуде

Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
СС0 / Rajesh Balouria
724

10-12 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, бұршақ жауады. 10 және 12 тамызда еліміздің солтүстік-батысында, 10 тамызда орталығында, 10-11 тамызда шығысында, 11 тамызда оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде.

Қазақстанның басым бөлігінде температура біртіндеп төмендейді деп болжанды:

күндіз елдің батысында +20+30С дейін,

солтүстік-батысында +15+28С дейін,

солтүстігінде +15+25С дейін,

шығысында және орталығында +17+28С дейін.

Республиканың оңтүстік-шығысында күндіз +35+38С қатты ыстық сақталады.

Қазақстанның оңтүстігінде +30+37С ыстық болады деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары