Парижде 2 дүркін Олимпиада чемпионы атанған үшінші өзбек атлеті: Баходир Жалолов екінші Олимпиадасында жеңіске жетті

Өзбекстан құрамасының тарихында тұңғыш рет екі боксшы екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды

Парижде 2 дүркін Олимпиада чемпионы атанған үшінші өзбек атлеті: Баходир Жалолов екінші Олимпиадасында жеңіске жетті
Olympic.uz
891

Өзбекстан құрамасының боксшысы Баходир Жалолов Парижде екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды.

92 келіде жұдырықтасатын ол финалда біздің Қамшыбек Қоңқабаевты жарыс жолынан тайдырған испандық Айюб Дриссиге қарсы жұдырықтасты. Бірінші раундта испандық екі рет нокдаунға түсіп қалды. Қалған екі раундта да Баходир қарсыласынан басым болды.

Сөйтіп, ол екінші Олимпиада қатарынан чемпион атанды. Баходир Токио Олимпиадасында жеңімпаз атанған болатын. Әрі ол екі дүркін әлем чемпионы (2019, 2023).

Бұл – Өзбекстан құрамасы боксшыларының бесінші алтын жүлдесі. Баходирге дейін Хасанбой Дусматов (51 келіге дейін), Абдумалик Халоков (57 келіге дейін), Асадхуджа Муйдинхужаев (71 келігедейін) және Лазизбек Муллажонов (92 келігедейін).

Одан бөлек дзюдошы Диера Кельдиерова, таекводошы Улугбек Рашитов пен еркін күрес шебері Разамбек Джамалов алтын жүлде салған болатын.

Баходир – Парижге келген Өзбекстан құрамасының сапында екі дүркін Олимпиада чемпионы атағын алған үшінші атлет. Оған дейін боксшы Дусматов пен таэквондошы Рашитов екінші Олимпиадаларында жеңіске жеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары