Финалға шығуға лайық емес: Сарапшы алтын алған Өзбекстан боксшысын сынады

Абдумалик Халоков финалда қырғызстандық Мұнарбек Сейітбек ұлынан басым түсті

Финалға шығуға лайық емес: Сарапшы алтын алған Өзбекстан боксшысын сынады
instagram.com/olympic.uz
9007

Британиялық бокс шолушысы Тейлор О'Хиггинс Парижде өткен Олимпиада ойындарының финалында жұдырықтасқан Өзбекстан өкілі Абдумалик Халоковтың жеңісіне қатысты пікір білдірді.

Абдумалик Халоков 57 кг салмақ дәрежесіндегі финалда төрешілердің бірауыздан шешімімен қырғызстандық Мұнарбек Сейітбек ұлынан басым түсті.

"Қазіргі әлем чемпионы өзбекстандық Абдумалик Халоков қырғызстандық Мұнарбек Сейітбек ұлын 5:0 есебімен жеңіп, 57 келі салмақта Олимпиада чемпионы атанды.

Бұл - Халоков үшін қолайлы жеңіс болды. Финалға шығуға лайық болмаған Сейітбек ұлы жекпе-жекте ерте есеңгіреп қалды және үшінші раундта бар күшін салғанымен, жағдайды өзгерте алмады.

Финалда Халоковтың Харвимен немесе Ибаньеспен жұдырықтасқанын көрмегеніміз өкінішті. Бұл өзбек боксшы үшін үлкен сынақ болуы мүмкін еді. Бірақ, менің ойымша, ол қандай болса да алтынға басты фаворит болады", - деп жазды О'Хиггинс желідегі парақшасында.

Серіктес жаңалықтары