Мемлекет басшысы Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Мемлекет басшысы Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақорда
1393

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Серіктес жаңалықтары