Елдос Сметовтің алтын медалінің құны белгілі болды

Медаль салмағы - 529 грамм, бірақ 95,4% күмістен жасалған

Елдос Сметовтің алтын медалінің құны белгілі болды
Сали Сабиров
836

Сыйлықтың құны туралы құпиялар мен фактілерді offside.kz хабарлайды, деп жазады turkystan.kz.

Олимпиада алтыны – әрбір спортшының арманы. Бірақ сіз оның толығымен алтыннан жасалмағанын білесіз бе? 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада Елдос Сметов жеңіп алған жүлденің қаншалықты құнды екендігі туралы қызықты деректер ұсынамыз.

1. Салмағы мен құрамы: Медаль салмағы - 529 грамм, бірақ 95,4% күмістен жасалған. Оның ішінде небәрі 6 грамм таза алтын бар.

2. Алтынның бағасы: Егер медаль толығымен алтыннан жасалған болса, оның құны шамамен 41 мың доллар болар еді. Соңғы рет мұндай медаль 1912 жылы Стокгольмде өткен Олимпиадада табыс етілді.

3. Нақты құны: Қазіргі алтын медальдің құны шамамен 950 доллар немесе 450 мың теңге шамасында.

Айта кетейік, Елдос Сметов Франция президенті Эммануэль Макронның алдында уәдесін орындап, финалда француз дзюдошысы Лука Мхеидзеден басым түсіп, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Бұл жеңіс бұған дейін Рио-2016 Олимпиадасында күміс, 2020 жылы Токиода қола жүлдегер атанған қазақстандық спортшының ұзақ және табысты мансабының шыңы болды.

Серіктес жаңалықтары