495
Алматы облысында ер адам таудағы өзенге батып кетті
Суға түсіп, сергігісі келген азаматты өзеннің қатты ағысы алып кеткен
Қаскелең шатқалында 63 жастағы ер адамды өзен ағызып алып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ жедел-құтқару отряды хабарлады.
«Жедел-құтқару отряды марқұмның денесін суға түскен жерінен 1 км қашықтықтан тапты. Денесі шығарылды. Полиция қызметкерлеріне табысталды», — делінген хабарламада.
Мәлімет бойынша, Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында 1961 жылы туған азамат отбасы сондай-ақ достарымен бірге демалып жүрген. Суға түсіп, сергігісі келген азаматты өзеннің қатты ағысы алып кеткен.