557
Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
Бірнеше облыстың әкімдерінің орынбасарлары тағайындалды
Осы аптада елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.
Үкіметтің қаулысымен Асқарбек Маратұлы Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Ал мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Ержан Болатқанұлы Нүкежанов Дін істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ бірнеше облыстың әкімдерінің орынбасарлары тағайындалды. Атап айтқанда, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып Жолдас Батырхан, Павлодар облысына Айгүл Маликова, Ақмола облысына Мұрат Балпан тағайындалды.