"4 секундқа кешікті": Парижде жүлдегер атанған спортшы қола медалінен айырылды

Парижде Олимпиада ойындары аяқталғанымен, онда туындаған дау-дамай әлі бітер емес.

"4 секундқа кешікті": Парижде жүлдегер атанған спортшы қола медалінен айырылды
Istockphoto.com
771

Америкалық гимнасшы Жордан Чайлз Олимпиаданың қола жүлдесінен айырылды. Бұл туралы Спорт арбитраж сотының (CAS) ресми сайтында хабарланған.

Дүйсенбіде еркін жаттығудан өткен сайыста румындық Ана‑Мария Барбосу қола жүлдегер деп танылған болатын. Алайда АҚШ құрамасы бағаны қайта қарауға шағым түсірген соң, америкалық спортшы қола жүлдегер атанды. Ал Румыния гимнасшысы төртінші орырға сырғыды.

Румыния Ұлттық Олимпиада комитеті мен Румыния гимнастикадан федерациясы Спорт арбитраж сотына шағып түсіріп, Халықаралық гимнастика федерациясы техникалық комитетінің шешімін қайта қарауды талап етті.

Олар америкалықтардың техникалық регламентте көрсетілгендей бір минут ішінде емес, 4 секундқа кешігіп шағым түсірген. Нәтижесінде CAS америкалық атлетті төртінші орынға түсіріп, румындық спортшыға әу бастағы нәтижесін тіркеді.

Серіктес жаңалықтары