Олимпиада чемпионы атанған өзбек боксшылары Париждің ауруханасында жатқан Толқын Қылышевке барды (ВИДЕО)

Толқын Қылышевтің жүрек талмасы ұстап, аруханаға жеткізілген болатын.

Олимпиада чемпионы атанған өзбек боксшылары Париждің ауруханасында жатқан Толқын Қылышевке барды (ВИДЕО)
видеодан скриншот
1746

Бокстан Өзбекстан құрамасы Парижде ауруханада жатқан команданың бас бапкері Толқын Қылышевке барды. 

Париж Олимпиадасында бес бірде й алтын жүлде алған өзбек боксшылары Париждегі ауруханалардың бірінде жатқан құраманың бас бапкері Толқын Қылышевтің жағдайын сұрап, команданың тарихи жетістігімен құттықтап қайтты.

Өзбекстан журналисі Жалол Ахмедов спортшылардың бапкермен кездескен сәтін таспаға түсіріп, әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялады.

«Бапкер Толқын Қылышев бес бірдей Олимпиадан чемпионын тәрбиеледі. Оның екеуі – екі дүркін Олимпиада чемпиондары. Өзбекстан сендермен мақтанады. Сәттілік тілеймін», – делінген жазбада.

Еске сала кетейік, Парижде Хасанбой Дусматовтың жеңісінен кейін жаттығу халына оралған Толқын Қылышевтің жүрек салмасы ұстап қалған. Дәл сол кезде сол залда отырған Ұлыбритания бокс құрамасының дәрігерлері Хардж Сингх пен Робби Лиллис оған алғашқы медициналық жәрдем көрсеткен. Олар дефибриллятор мен электрод қойып, қажетті ем-дом жасаған соң бапкер 20-30 секундтан соң есін жиған. Қылышев дереу ауруханаға жеткізіліп, Өзбекстан боксшыларының соңғы сайыс күнінде рингке оларды рингке алып шыға алмады.

Айта кетейік, Олимпиадаға барлығы 7 салмақта барған Өзбекстан құрамасының 5-еуі алтын жүлде иеленді. Баходир Жалолов (92 келіге дейін) пен Хасанбой Дусматов (51 келіге дейін) екі дүркін Олимпиада чемпионы атанса, Абдумалик Халоков (57 келіге дейін), Асадхуджа Муйдинхужаев (71 келігедейін) және Лазизбек Муллажонов (92 келіге дейін) өз салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

Серіктес жаңалықтары