551
Елімізде электр энергиясы қымбаттайды
Тарифтерге өзгеріс 1 қыркүйекте енгізіледі деп жоспарланған.
ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясына шекті тарифтерге өзгерістер енгізу туралы бұйрық дайындады.
Электр энергиясын сататын энергия өндіруші ұйымдардың бірінші тобында шекті баға 8,05-тен 8,27 теңге/кВтсағ-қа дейін, екіншісінде – 7,40-тан 7,98 теңге/кВтсағ-қа дейін, тоғызыншысында – 8,49-дан 9, 27 теңге/кВтсағ-қа дейін өседі.
Өзгерістер енгізілетін компаниялар:
- Еуроазия энергетикалық корпорациясы
- «Астана-Энергия»
- «Алюминий Қазақстана»
- «Степногорск ЖЭО»
- «Жаңажол ГТЭС»
- «3-Энергоорталық»
- «Казхром» ТНК»
Бұйрықта түзету энергия өндіруші ұйымдардан тәуелсіз электр энергиясын өндіруге арналған негізгі шығындардың, атап айтқанда, тасымалдауға, бағаның өсуіне, жалақыға және жөндеу жұмыстарына жұмсалатын отын шығындарының ұлғаюымен байланысты екені түсіндірілді.
ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығында тарифтерге өзгеріс 1 қыркүйекте енгізіледі деп жоспарланған.