Астанада өрттің ортасында қалған 15 жастағы қызды ер адам құтқарып қалды

Елордадағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты.

Астанада өрттің ортасында қалған 15 жастағы қызды ер адам құтқарып қалды
Сурет: www.istockphoto.com
567

Пәтер ішіндегі өрттің ортасында қалған 15 жастағы қызды ер адам құтқарып алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan телеарнасы таратқан ақпаратқа сенсек, ер адам қорғаныш құралдарынсыз балкон арқылы өртенген пәтердің терезесінен кіріп, қыз баланы құтқарған.

"Бүгін таңертең Сығанақ көшесіндегі 12 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. ТЖД мәліметінше, жоғарғы қабаттағы пәтерде жиһаздар мен заттар өртенген. Куәгерлер ер адамның қорғаныш құралдарынсыз балкон арқылы өртеніп жатқан пәтердің терезесіне кіріп бара жатқанын видеоға түсіріп алған", - делінген Qazaqstan телеарнасының Telegram-дағы ресми арнасында. 

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі де пікір білдірді. 

“3-МӨСБ аға инженері Серік Рахимжанов және тұрғын 2009 жылы туған қызды өрттен құтқарды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген Telegram-дағы "112 KZ" арнасында.

Серіктес жаңалықтары