«Қызым жоқ»: Боксшы Нұрбек Оралбай болашақ жарына қоятын талапты атады

Бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері елге оралды.

«Қызым жоқ»: Боксшы Нұрбек Оралбай болашақ жарына қоятын талапты атады
523

Нұрбек Оралбай өзін әуежайдан қарсы алған журналистердің сұрағына жауап беру барысында жеке өміріне қатысты мәліметтерді де айтты, деп жазды turkystan.kz.

Тілшілердің бірі боксшыға "Әкеңіз биыл сізді үйлендіруді жоспарлап отырғанын айтқан еді. Сол жағы қалай болып жатыр?" деген сұрақ қойды.

"Үй болу жағын алдағы уақытта көре жатармыз. Бірақ қызым жоқ, жүрегім боc. Бұйырған күні үйленетін шығармыз", - деді боксшы.

Сондай-ақ Нұрбек Оралбай болашақ жары қандай болуы керегін айтты.

"Болашақ жұбайым ақылды, иманды қыз болуы керек. Боксты білуі маңызды емес", - деді Олимпиаданың күміс жүлдегері. 

Серіктес жаңалықтары