356
Биыл 2023 жылмен салыстырғанда 2 есе көп қандас білім грантын алды – министр
Жаңа оқу жылында 1 604 этникалық қазақ грант алды.
Қандастарды қабылдау рәсімінің өзгеруінің арқасында жаңа оқу жылында 1 604 этникалық қазақ грант алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп.
«Бұған дейін қандастар ҰБТ-ң 5 пәнін тапсырған болса, 2024 жылдан бастап тек 3 пәнді (оқу сауаттылығы, 2 бейінді пән) тапсырады және оларға шектік балл жинау бойынша талап қойылмайды», — деп мәлімдеді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында.
Еске сала кетейік, Отандастар қорының бастамасымен Ғылым және жоғары білім министрлігі қандастар үшін ҰБТ-да үлкен өзгерістер жасаған еді. Соның нәтижесінде 2 есе көп қандасымыз грант иеленді (2023 жылы - 802, 2024 жылы - 1604).