«Алматыэлектротранс» компаниясы 250 млн теңгені заңсыз жұмсаған

Бұл жағдайға кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды.

«Алматыэлектротранс» компаниясы 250 млн теңгені заңсыз жұмсаған
istockphoto.com
298

Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде «Алматыэлектротранс» ЖШС-да мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзу фактісін анықтады.

«Бұзушылық, қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын электрондық мемлекеттік сатып алу порталын айналып өту арқылы және қағаз түрінде заңсыз жасалғанынан анықталды.

Прокуратураның қолданған шараларымен міндетті сақтандыру шарты сот тәртібімен бұзылды. 250 млн теңге бюджет қаражаты мемлекет кірісіне өтеліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары