1316
Тоқмәди бостандыққа шықты: Тәтішевтер отбасы қарсылық білдіріп жатыр
Кәсіпкер Ержан Тәтішевті өлтірді деп сотталған Мұратхан Тоқмәди 10 тамызда шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.
Қонаев қаласының соты тиісті қаулыны 26 шілдеде шығарған. Жәбірленуші тарап бұл шешімді заңсыз деп отыр. Ержан Тәтішевтің ұлы Алпамыс Тәтішев пен осы отбасының адвокаты Аманжол Мұхамедяров заң бойынша жәбірленуші тарапқа алдын-ала ескертілуі тиіс дейді. Ал марқұмның бауыры бұл хабарды бұқаралық ақпарат құралдарынан естіген.
«Менің сенім білдірушім Еркін Тәтішевті сот отырысына шақырмаған. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатыны жайлы хабар бермеген. Тәтішев бұл шешіммен келіспейді. Бірінші инстанция сотының қаулысын заңсыз және күшін жою қажет деп санайды»-дейді Мұхамедяров.