БҚО-да мас күйінде көше кезіп жүрген шенеуніктің видеосы тарады

Жазба авторы бұл әрекеті оның кәсіби беделіне күмән келтіретінін мәлім етті.

БҚО-да мас күйінде көше кезіп жүрген шенеуніктің видеосы тарады
скриншот
1161

Әлеуметтік желі қолданушысы Айболат Бөкенов БҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиевтің мас күйінде көшеде жүрген видеосын жариялады.

Бейнежазба авторы бұл жағдай тұрғындар арасында дау тудырғанын жазды.

«Табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиев осылай тұр. Видеода көргендеріңіздей өз өзіне ие бола алмай қалған секілді. Қоршаған ортаны қорғайтын прокурордың өзі қоршаған ортаны бүлдіріп жүрсе айтарға сөз жоқ. Халыққа өзі үлгі болудың орнына, мынаның жасап жүрген ісі ұятқой», – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол бұл мінез-құлық оның кәсіби беделіне күмән келтіретінін мәлім етті.

«Бұл мінез-құлық оның кәсіби беделіне күмән келтіріп қана қоймайды, Қазақстанның заңнамасын елемейтінін көрсетеді. Прокурор бірнеше рет заңды бұзды. Бұл әрекеті оның құзыреті мен этикасына қатысты күрделі сұрақтар туғызады», – деп жазды Бөкенов.

Ал, облыстық прокуратура Абылай Бисқалиевке қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады. 

Серіктес жаңалықтары