Қарағанды облысында 12 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Бұқар Жырау ауданында жалпы ауданы 12 049 га болатын 15 жер учаскесі пайдаланылмаған.

Қарағанды облысында 12 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
istockphoto.com
399

Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында ұзақ уақыт бойы жалпы ауданы 12 049 га болатын 15 жер учаскесі пайдаланылмаған.

Жер кодексінің 92-бабына сәйкес, ведомство компанияға ҚР Жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды бір жыл мерзімде жою туралы нұсқама берген.

Нұсқаманың орындалмауына байланысты сотқа учаскелерді мәжбүрлеп алып қою туралы талап қойылды. Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 3 шілдедегі шешімімен Департаменттің талап арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары