578
Баходир Жалолов кәсіпқой боксқа ауыспақ
Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы боксшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов құрамадағы карьерасын аяқтады.
«15 жыл өмірімді әуесқой боксқа арнадым. Әр нәрсенің басы мен соңы болады. Сол күн жетті. Осы жолымда көп сын айтылды. Әр сыннан сабақ алдым, дұрыс қорытынды шығардым. Әуесқой бокста ешқашан ақша үшін жұдырықтаспадым. Елімнің туын желбіретуді ғана ойладым. Олимпиада ойындарынан алтын таққым келді. Оған жеттік. Мені қолдаған жандардың бәріне, анама, бапкерлеріме алғыс айтамын. Ендігі мақсатым – кәсіпқой бокста биіктен көріну»-деді спортшы.
Боксшы 2020 жылғы Токио олимпиадасы мен биылғы Париж олимпиадасында топ жарып, алтын медаль иегері атанған еді.