Павлодарда екі қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Мектеп оқушылары жақындарына айтуға қорыққан.

Павлодарда екі қызды зорлады деген күдікті ұсталды
istockphoto.com
379

Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов екі кәмелетке толмаған қыздарды зорлау оқиғасы бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді. 

– Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті қамауға алынды, – деді тәртіп сақшысы.

Бұған дейін Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шакенева өзінің Instagram-парақшасында зардап шеккендермен кездесіп, сөйлескенін айтқан болатын. Жасөспірімдер 15 және 17 жаста.

– Олардың ешқайсысының жасалған зорлық-зомбылықты біреуге айтуға, бөлісуге батылы жетпеді. Тіпті, қыздардың бірі бірнеше күн отыра алмағанын мойындады. Мен қолын ұстағанда дірілдеп, көз жасын төгіп, қиналып жылады. Мен оған бұл жағдайда оның кінәлі емес екенін түсіндіруге тырыстым, –  деп жазды Сәуле Шакенева. 

Ол көбінесе ондай қадамға жақын ортадағы адамдар – әкелер, өгей әкелер, басқа туыстар, бірге тұратындар, көршілер, отбасылық достар баратынын айтты.

Серіктес жаңалықтары