390
Ақтөбе облысында жастарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына 1 млрд теңге бөлінді
Жыл соңына дейін өңірде 100-ге жуық адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Ақтөбе облысында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңнің басталуы халықаралық жастар күніне орайластырылды. Тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға 1 млрд.теңге бөлінді, оның 500 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен алынды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
35 жасқа дейінгі жас мамандар мемлекеттің қолдауымен баспана сатып ала алады. Бастапқы жарна – 10%, жылдық пайыздық мөлшерлеме – 5-6%, қарыздың ең жоғары сомасы – 18-20 млн. дейін, несие мерзімі - 19 жылға дейін.
Бүгінгі таңда жас мамандарға жеңілдетілген несие беру елдің 17 аймағында қолжетімді. Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында мәселе пысықталуда.